Жемқорлыққа қарсы сана қалыптасу керек

Screenshot_17.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Әл-Фараби ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен жиын өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Қатысушыларға парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, адамдар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы»,- деді кеңсе басшысы Ж.Қамбар.

Шарада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу барысы баяндалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер