Былғары доп жарысы басталды

Screenshot_16.png

Шымкентте қыздар арасында Ұлттық Мектеп Лигасының "Былғары доп" жарысы басталды. Онда республиканың әр өңірінен келген 9 команда сайысқа түсуде. Ұйымдастырушылар мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спорт додасының аясы кеңейіп келе жатқанын айтады. 

Ұлттық Мектеп Лигасының ашылу салтанаттына Білім және ғылым министрлігінің  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілдері  қатысып, өрендерге сәттілік тіледі. Бұл додаға Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан өңірлерімен қоса Шымкент өқаласынан бас-аяғы 9 команда бәсекеге түсуде. Шымкенттік сайыпқырандар бабында.

Қазіргі уақытқа дейін шымкенттік шәкірттер Ұлттық мектеп лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 24-іне қатысып, оның жеті түрінен бірінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жергілікті спортшыларға үлкен үміт артып отыр..  

Қыздар арасындағы футболдан жарыс 13 маусымға дейін жалғасады.  Осыдан бірер жыл бұрын ғана қолға алынған Ұлттық мектеп Лигасының аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Небәрі 3 спорт түрінен бастау алған байрақты бәсеке қазір оннан астам спорттың түрін қамтып отыр.

Айта кетейік, бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеу.




 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер