Қырғызстан әлемдік қауымдастықтарға шекарадағы қақтығыс жайлы үндеу жолдайды

Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Тәжікстанның әскери агрессиясы туралы үндеу дайындап жатыр. Бұл туралы депутат Абдувахап Нұрбаев «24.kg» агенттігіне хабарлады.

Қырғызстан үндеу.jpg

Оның айтуынша, парламент әлемдік қоғамдастыққа Баткен облысында болған соңғы оқиғалар туралы үндеу жасамақ.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураға елдің оңтүстігінде болып жатқан оқиғалар туралы әлемдік қоғамдастықтың дұрыс және объективті ақпаратымен жұмыс істеуді тапсырдық. Өздеріңіз білетіндей, кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралы, оның ішінде ресейліктер де жалған ақпарат берген. Сондықтан біз бұл оқиғаларды әлемдік қоғамдастыққа фактілерге сүйене отырып жеткізуді тапсырдық, - деді Абдувахап Нұрбаев.

Бүгін Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жабық отырыс өткізді. Халық қалаулылары шекарадағы жағдайды келесі кездесуде талқылауға ниетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО КРУПНОГО ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер