Шымкент қаласы әкімдігі мен мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылдады

image_750x_5b161b1d82f7c (1).jpg

Бүгін мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасау туралы  бірлескен шешімге қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады.

file_5b161b3eda75f.jpg

Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы №№2572- ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңында республикалық маңызы бар қалаларға - халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады деп көрсетілген. 

Халық қалаулыларының алдында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі:  «Сессияда тарихи құжатқа қол қойылды, бұл Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуда ауқымды жұмыстың бастауы болды», - деп атап өтті.

Республикалық маңызы бар қала  мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Мұндай өзгеріс қаланың дамуына, сондай-ақ әрбір тұрғынына да оң әсер алып келеді. 

file_5b161b5699133.jpg

-    Жоспарлар көп, олардың барлығы мәслихат депуттары мен қала тұрғындарының қолдауымен ғана жүзеге асады – деп қала басшысы Нұрлан Сауранбаев сөзін қорытындылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Электрондық билеттендіру жүйесінің артықшылығы көп
  • Шымкент: Қоғамдық көліктер шілде айынан бастап электрондық төлем жүйесіне көшпек
  • Шымкент: Коронавирусқа шалдыққан науқас басынан өткен жағдайды баяндап берді
  • Шымкент: Коронавирустың алдын алу жолдары түсіндірілді
  • Шымкент: ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер