1 ғасыр бұрын жоғалған кеме Бермуд үштағанынан табылды

unnamed.jpg

 Теңіз археологтары 1 ғасыр бұрын жоғалған кемені Бермуд үштағанынан тауып алды. SS Cotopaxi деп аталатын сауда кемесі 1925 жылы Американың Оңтүстік Каролин штатындағы Чарльстон портынан Кубаға қарай бағыт алып, бүкіл экипаж мүшелерімен бірге жоғалып кеткен.

 Талай саяхатшылар мен алып кемелердің іс-түссіз жоғалуына себепкер болған Бермуд үштағаны әлі күнге дейін әлемге сырын ашпай келеді. 100 жыл бұрын жоғалған кеменің дәл осы орыннан тосыннан пайда болуы да адам таңқаларлық дүние. Science Channel телеарнасы түсірген "Кемелердің бату құпиясы" телехикаясының бірінші бөлімі аталмыш апатты жағдайға арналған. Мамандар кеменің сақтандыру агенттерінің жазба хабараламаларын зерттеу барысында SS Cotopaxi кемесінің 1925 жылдың 1 желтоқсанында апатқа ұшырағаны туралы белгі жібергенін анықтаған. Ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде 100 футтық мұхит толқындары кемелердің суға батып кетуіне себеп болған. Мұндай алапат толқындар жан-жақтан соғатын көрінеді, оған тіпті ең үлкен деген кеменің өзі қарсы тұра аламайды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер