Министрлік қазақстандықтардан көмек сұрауда

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге қайырымдылық көмек көрсетуге шақыратын үндеу жариялады.

Маңғыстау көмек.jpg

- Қолайсыз ауа райы ауыр зардаптарға әкеп соғады. Қазақстанның көп аймағында ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкелді. Жауын-шашын аз болғаны, Маңғыстау облысына қатты әсер етті. Министрлік барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын қолдауға және көмектесуге шақырады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері табиғаттың құбылыстарынан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлермен ынтымақтасып, бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған арнайы қорға жібереді, - делінген үндеуде.

Ведомство сайтында қаражатты аудару туралы мәлімет берілген. Қазақстандықтардан төлемде "құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қорын" көрсетуді сұрайды.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зиянды азайту және зардап шеккен фермерлерді қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды. Еліміздің барлық жерінен еріктілер айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер