Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.


Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаевтың жасы 40-та. Жоғары білімді. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей Кеден академиясын бітірген.

1999 — 2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кеден органдарының инспекторынан бастап бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған;

2014-2016 жылдары- «АгроНК» ЖШС директорының орынбасары;

2016 жылдың ақпан айынан — 2017 жылдың шілде айына дейін — «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары;

2017 жылдың шілде айынан — 2018 жылдың қаңтар айына дейін — Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстары комитет басшысының орынбасары;

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін — Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі; құрылыс, автомобильдік жолдар және жолаушылар тасымалы, денсаулық сақтау салаларында  жауапты қызметтерді атқарған.

Осыған дейін бұл қызметте болған Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі қызметіне ауысқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
  • Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлес
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер