Экс-министр Елжан Біртановтың шетелге қашып кетуі мүмкін бе? (видео)

Аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов тергеуден қашып кетуі мүмкін. Осылай деген прокурор оны қайтадан үйқамаққа алып, жұмысқа шығармауды сұрады, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Елжан Біртанов.jpg

- Тергеу Елжан Біртановтың үйқамақта отырғанда отбасы мүшелерінен бөлек басқа да адамдармен, қорғаушылармен де сөйлесуге тыйым салынғанына қарамастан олармен бірнеше рет арласқанын анықтады. Сондай-ақ, күдікті Біртанов пен оның жақындарының атында шетелде жылжымайтын мүлік тіркелген және тұруға рұқсаты бар екенін анықтап отыр - деді прокурор Төлеген Жараспаев.

Прокурор экс-министрдің шетелден қашып кетуінен күдіктенетінін айтады. Сол себепті Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін 14-ші маусымға дейін, яғни 1 айға дейін созуды сұрады. Бірақ, бұған келіспейтін Біртановтың қорғаушылары оны ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатуын айтты. 

Бұған дейін, 1 жарым миллиард жымқырды деген күдікпен ұсталған экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылып, таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Сотпроцесі қайта жалғасады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Қоғам қауіпсіздігі, отбасы амандығы, ана мен бала саулығы қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер