Түркістандық кәсіпкер қауіпті індетке қарсы күреске 5 млн.теңге аударды

Түркістан облысында «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Коронавирусқа қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,  «Бөрте милка» «Бөрте Милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.

c4f07057-d3b6-471b-a826-cacf2ea34b58.jpg «Біз үкімет тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіспіз. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білуіміз керек. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу – тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының міндеті», – деген азамат қиын кезеңде жомарттық таныта білді. 

Сонымен бірге Нұралы Әбіш өзі басқаратын  «Бөрте Милка» ЖШС атынан 100 отбасыға сүттен жасалған өнімдермен демеушілік көрсетті. Бұған дейін де игі істерімен танылып жүрген «Nur Otan» партиясының мүшесі жұртшылықты қауіпті індетпен бірігіп күресуге шақырды. 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер