Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті

Елімізде коронавирустың жаңа 17 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 325-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

1568904685_0_320_3072_2048_600x0_80_0_0_fc2e033ae8cc2ad218374b68b32de7b7.jpg

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді. 

Айта кетейік, дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмды. Қауіпті ауру жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ аумағында, яғни 163 429 адам. Америкада пандемия кезінде коронавирустан 3 008 пациент көз жұмды. 

Сондай-ақ, індет жұқтырғандар саны бойынша Италия көшбасшылар үштігінде тұр. Бұл мемлекетте вирусты 101 739 адам жұқтырған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер