Түркістан облысының кәсіпкерлері коронавируске қарсы күреске қаржы аударуда

Жуырда Елбасы бастамасымен "Nur Otan"  партиясы "Біз біргеміз!" акциясын бастағаны белгілі.  Осыған орай еліміздің ірі кәсіпкерлері арнайы қорға қомақты қаражат аударып үлгерді.  Бұл игі бастамаға Түркістан облысының кәсіпкерлері мен облыстық мәслихат депутаттары да айрықша үлес қосуда.  

164527b5-4cbc-40f4-aa9a-09783edc5402.jpgБелгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов республикалық қорға 100 млн. теңге аударғаны хабарланды.  Өзге кәсіпкерлер де өңірлік қорға үлес қосып, қауіпті індетке қарсы күрес жүргізуге, елдің әл-ауқатын көтеруге атсалысуда.  Мәселен,  "Қайып ата"  ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев 10 млн. теңге бөліп, жомарттық танытты. Түркістан облысының перзенті, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын белгілі меценат,  филантроп Оралбек Ботбай өңірдегі қорға 1 млн. теңге аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қауіпті дертті жеңуде қоғамды ұйыстыру жөніндегі бастамасын назарда ұстаған азаматтарға ел риза. 

"Nur Otan"  партиясының мүшелері,  облыстық мәслихат депутаттары Мағауия Тұрысбеков ("Жаңа арна құрылыс" ЖШС)  пен Жаңабай Ағабеков ("Евро ремонт сервис")  1 млн. теңгеден көмектессе,  депутат Алмас Салимов те ("Алжа-құрылыс" ЖШС)  1 млн. теңгені ел үшін бөле білді.  Жеке кәсіпкер Талғат Қаржауов 1,2 млн. теңгеге демеушілік танытса,  ел жанашыры,  "Ордабасы құс"  ЖШС-нің директоры Мұрат Тағаев 2 млн. теңге көлеміндегі ет өнімдерімен көмек ұсынбақ.  

Сондай-ақ аудан, қалаларда кәсіпкерлер мен жекелеген азаматтар да тұрғындарға қайырымдылық жасап жатыр. 

"Nur Otan"  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер