Түркістандықтарды Әмір Темірдің әруағын қорламауға шақырды

photo_63399.jpg

Вильжан Дарибаев деген азамат Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының атынан екінші лигада ойнайтын жаңадан құрылған «Темірлан» футбол клубының атауына қарсы. Бұл туралы ол пікірін әлеуметтік желіде білдірді деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

«Не мақсатпен команданың атын осылай қойды екен? Ойлары дұрыс шығар, бірақ ұлы адамның атын қорлағанын біле ме екен? Ол кісіні жау елдер осылай кемсітіп айтып еді. Қазағым Әмір Темір деген. Бастамаларыңды қолдаймын, білмеген шығарсыңдар, енді білдіңдер, сондықтан команданың атын өзгертіңдер. Әруақты қорламаңдар дегім келеді. Басқасынан жолдарың болсын» - деп Вильжан Дарибаев фейсбукте жазды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер