Зейнеткерді өрттен құтқарған жігітке пәтер сыйлады

артем.jpg

82 жастағы көршісін өрттен аман алып шығып, денесінің 60 пайызы күйік шалған 25 жастағы Артём Головняға (суретте) ақтөбелік азамат пәтер сыйлады. Бұған алғашында анасы Галина Головня сенбегенін айтады.

Ерлік жасаған жігіт бірнеше ай бойы ауруханада ем қабылдады. 

– Артём үшін берілген пәтер қазір менің атыма жазылып жатыр. Себебі балам Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдауда. Қозғалуға мүмкіндігі жоқ. Сәл қимылдаса жарақаты қанап, мазасы кетеді. Оған Ақтөбеде екі рет ота жасалды. Бірақ нәтиже мардымсыз. Көмек сұрап жан-жаққа барғаныммен бәрі күту қажет екенін ескертті. Содан бұл хабар әлеуметтік желі, волонтерлер арқылы кең тарап, Артемді елордаға алып кетті. Қазір жағдайы бірқалыпты. Тек аман-есен ортаға оралғанын күтіп отырмыз, – деді анасы Галина Головня. 

Нұр-Сұлтан қаласында оған бірнеше ота жасалады. Алдымен аяғына жаңа тері салады. Кейін арқасындағы жара орны емделеді. 

– Балам елордадағы күтімнің жақсы екенін айтып, көңілі жайланды. Біз амандығын тілейміз. Ал жаңа пәтерге келесі айда кіреміз. Бізге баспана ішіне жөндеу жасап бермек. Алғысымыз шексіз. Алғашында сенбедім, қазір құжаттары дайындалуда, – деді Г. Головня. 

Артём Головня былтыр жазда өз басын қатерге тігіп зейнеткерді құтқарған болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер