Жамбыл облысында мектеп директорлары мұғалімдерді сыбайлас жемқорлыққа мәжбүрлейді

200223102542322e.jpg

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

– Оқу орындарының кейбір басшылары «Менің мектебім», «менің ұстаздарым», «менің шәкірттерім» деген сияқты  тіркестерді  қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп –  мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы тұлғалар болуы тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Директорлар біртіндеп өздеріне керекті байланыстар арқылы өсіп отырады, ақыр соңында ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға алып келеді.

– Жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақы алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім өз шығындарын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді, – деді облыс әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер