
2025 жылы Қазақстанда 127 млн тоннадан астам мұнай қоры бар кен орындары жаңадан қосылды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңа кен орындары негізінен еліміздің батыс өңірінде орналасқан.
— Былтыр мұнай қоры 127 миллион тоннадан асатын алты кен орнын балансқа қойдық. Олар негізінен Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан, - деді Е. Ақбаров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ ол елімізде 15 шөгінді бассейн бар екенін, оның бесеуінде шикізат өндіру жүріп жатқанын айтты. Қалған бассейндерде геологиялық барлау жұмыстары әлі де жалғасып келеді.
Жаңа кен орындарындағы өндіруді бірінші кезекте қазақстандық компаниялар жүзеге асыратын болады.
