ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан " Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Белсенді ұзақ өмір" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ 2026 жылдың қаңтар айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жариялаған №15954489-1 мемлекеттік сатып алуы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының" (бұдан әрі – Қағида) 411-тармағына сәйкес, Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай мәліметтерді веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады:
1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
4) тауар жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы;
6) техникалық ерекшелігі көрсетілген шарттың жобасы.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасында жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылады, - делінген.
Алайда, камералдық бақылау нәтижесі бойынша Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Белсенді ұзақ өмір" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ Қағиданың 411-тармағының талаптары сақталмағаны анықталды.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Белсенді ұзақ өмір" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-ға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маманы А.Нүрмахан
