Түлкібас ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік құттықтау шарасы өтті

image.png

Түлкібас ауданында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Майлыкент ауылында өткен іс-шара барысында “Ауыл” партиясының Түлкібас ауданы бойынша өңірлік филиал төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Көлбаев Оспан Оңалбекұлы ауылдың ардақты аналары мен ақ жаулықты әжелерін мерекемен құттықтады.

Жиын барысында аналардың қоғамдағы, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше орны мен еңбегі атап өтіліп, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді. Мерекеге орай Көлбаев Оспан Оңалбекұлы үлкен аналар мен әжелердің иығына ақ орамал жауып, сый-сияпат табыстады.

Сондай-ақ, жиында аналарға жүрекжарды жылы лебіздер айтылып, оларға зор денсаулық, отбасы амандығы мен ұзақ ғұмыр тілінді. Бұл шара ауыл тұрғындарының басын қосып, аналарға деген ерекше құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісіне айналды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер