
Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ауыл партиясы Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Төрегелді Оразалыұлы Қалмұратов партияның нәзік жанды қыз-келіншектерін филиал қызметкерлерімен бірге құттықтады.
Мерекелік шара барысында партияның төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаев атынан Алғыс хаттар табысталып, сый-сияпаттар жасалды.
Қоғамның әр саласында аянбай еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосып жүрген ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз.
