
Сайрам ауданы, «AUYL TIME» кафесінде Аналар мерекесіне орай мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.
“Ауыл” партиясының белсендісі, өңірлік филиалдың Саяси кеңес мүшесі Жұмабеков Руслан Қалдыбекұлы аталған мекемеде еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді арнайы құттықтады.
Шара барысында нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы еңбегі атап өтілді. Сондай-ақ бірқатар азаматшаларға “Ауыл” партиясының Алғыс хаты, партиялық билет пен партияның төс белгісі табысталды.
Мереке қарсаңында қыз-келіншектерге гүл шоқтары ұсынылып, түрлі сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
