
Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза ауыл» эстафетасы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен ақылы қоғамдық қызметкерлердің қатысуымен кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында елді мекен аумағы тазаланып, ағаш көшеттері қондырылып, ауылды көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
Жиделі елді мекенінің биі Демеу Тәңірбергенов аталған игі бастаманы қолдай отырып, Ошақты ауылдық округіне қарасты Атақоныс елді мекенінің тұрғындарын да осы эстафетаны жалғастырып, өз ауылдарының ішкі көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге және елді мекендерді көгалдандыруға белсенді түрде атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Қожагулов Маханбет Үмбетұлы да акцияға қатысып, тазалық және көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.
Осындай игі шаралар ауылдың көркеюіне, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
