Депутаттар өндірістік парк аумағын аралады

image.png

Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы өндірістік парк аумағында заманауи қойманың жұмысымен таныстыру рәсімі өтті. Аталған нысан ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу және нарыққа қолжетімді бағамен жеткізу мақсатында іске қосылған.

Іс-шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысып, қойманың жұмыс барысымен танысты. Оның айтуынша, мұндай инфрақұрылым нысандары өңірдегі көкөніс, сүт және ет өнімдерін өндірушілерге үлкен қолдау көрсетіп, өнімді тиімді сақтауға және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нысанды “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы да аралап көрді. Кездесу барысында қойманың техникалық мүмкіндіктері, сақтау сыйымдылығы, заманауи жабдықталуы және кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлар талқыланды.

Жаңа қойма ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтауға, маусымаралық кезеңде бағаның күрт өсуіне жол бермеуге және жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады. Мұндай бастамалар өңір экономикасының дамуына серпін беріп, кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетудің айқын көрінісі екені атап өтілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер