Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін

image.png

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов  Үкімет отырысында алдағы айларда оңтүстік өңірдегі суармалы егістіктерде су тапшылығы байқалуы мүмкін екенін айтты деп жазады RGmedia.kz тілшісі.  

— Еліміздегі су ресурстарының ең ірі тұтынушысы – ауыл шаруашылығы саласы, оның үлесіне жалпы су пайдаланудың 60 пайыздан астамы тиесілі. Ауыл шаруашылығына жыл сайын бөлінетін 15 текше километр судың шамамен 12 текше километрі тұрақты суаруға жұмсалады, оның 98 пайызы еліміздің бес оңтүстік облысына – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Көктемгі ауа райының қалыптан тыс жылы болуына байланысты ағымдағы вегетациялық кезең орташа жылдық мерзімдермен салыстырғанда 20 күнге ерте басталды, — деді ол өз баяндамасында.

Сондай-ақ министр биыл егістіктерде су тапшылығы болуы ықтимал екенін атап өтті.

— Ағымдағы вегетациялық маусымның ерекшелігінің бірі – вегетация алдындағы кезеңде топырақ ылғалдылығының жеткіліксіздігі болды. Бұл фактор оңтүстік өңірлердегі су шаруашылығы жағдайына айтарлықтай әсер етті. Топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғалдың аз болуына байланысты егістіктердің вегетацияның бастапқы кезеңіндегі суға қажеттілігі орта есеппен 50 пайызға артты. Бұл суармалы көздерге қосымша жүктеме түсіріп, алдағы айларда су тапшылығы қаупін күшейтіп отыр, - деді Нұржан Нұржігітов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер