Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды

image.png

 Денсаулық сақтау вице-министр Тимур Мұратов Астанада  өтіп жатқан халықаралық іс-шара аясында  дәрігердің қателігінен науқас кемтар болып қалса немесе мерт болған жағдайда оны жазалауға қатысты сауалға жауап берді деп жазады RGmedia.kz тілшісі.

- Дәрігер науқастың жанын қинайын, жамандық жасайын деп жанына жақындамайды. Дәрігер қолынан келгенше науқастың денсаулығын дұрыстауға тырысады. Сондай көмек көрсетіп жатқан кезде әрине, адам баласы қателесуі мүмкін. Машина, робот та қателеседі. Мұндай қателіктерді қарастырып, дәрігер әдейі істемесе, онда оны жазалауға болмайды, - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ вице-министр қазақстандықтар дамыған мемлекеттерге қарағанда жедел жәрдем қызметіне 3-4 есе көп жүгінетінін атап өтті.

 - Халықаралық стандартқа сай 30 мың адамға 1 реанимобиль болуы керек. Бізде 10 мың адамға бір машина бар. Жалпы, стандарттан 3 есе жоғарымыз. Бірақ, елімізде жедел жәрдем қызметіне жүгіну дамыған көп елге қарағанда 3-4 есе көп. Шетелде дене қызуы көтерілген адамға ешқандай бригада барып көмек көрсетпейді. Жедел жәрдем қызметінің негізгі жұмысы – адамның өміріне қауіп төнген кезде келу. Олар – көпжарақат, инсульт, инфаркт және басқа хирургиялық жарақаттар. Осындай жағдайда тез жетіп, көмек көрсетуі қажет, - деді ол 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер