Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған

image.png

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова интернет кеңістігіндегі балалардың қауіпсіздігі көңіл көншітпейтінін  айтты. Айтуынша  зерттеу нәтижесінде елімізде балалар өзі жайлы мәліметтер мен фотоларын бейтаныс адамға жіберу деректері анықталған.

— Өткен жылы біз ЮНИСЕФ қорымен бірлесе «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі» тақырыбында 1200 баланың қатысуымен әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Оның нәтижесі балаларға интернет кеңістігіндегі қауіп тәуекелдерінің деңгейі жоғары екенін көрсетті. Мәселен, әр 10-ыншы бала бейтаныс адамға өзінің фотосын жолдаған. Әр 11-інші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған. Бұл әр педагог, әр ата-ана баласымен өте жоғары сенімге негізделген қарым-қатынаста болуы маңызды екенін көрсетеді. Ондай қарым-қатынас тек мейірім мен махаббат болған отбасында ғана болады, - деді ол ОКҚ алаңында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазНУ и китайские партнеры создадут три R&D-центра
  • ҚазҰУ мен Қытайдың технологиялық серіктестері үш R&D орталығын іске қосады
  • Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қорық: «Ақсу-Жабағылыға» биыл 100 жыл
  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер