Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады

image.png

Қытай үкіметі COVID-19 індетінің шығу тегі туралы жаңа деректерді жариялап, SARS-CoV-2 вирусы Ухань қаласынан бұрын АҚШ-та пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытай Мемлекеттік кеңесінің Ақпарат басқармасы жариялаған "Ақ кітапта" айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

COVID-19 індеті АҚШ-та пайда болуы мүмкін деген салмақты дәлелдер бар, — делінген құжатта. 

Сондай-ақ, Қытай тарабы АҚШ-ты індеттің шығу тегін мұқият зерттеп, халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығына нақты жауап беруге шақырды.

"Ақ кітапта" АҚШ-тың тоғыз штатында жүргізілген серологиялық зерттеу нәтижелері келтірілген. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) 2019 жылдың 13 желтоқсанынан 2020 жылдың 17 қаңтарына дейінгі аралықта алынған 7389 қан үлгісінің 106-нан SARS-CoV-2 антиденелері табылғанын хабарлаған. Бұл — індет АҚШ-та ресми тіркелген алғашқы жағдайға дейін таралғанын көрсетуі мүмкін.

Қытай үкіметі АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) індеттің алғашқы белгілері туралы дер кезінде ақпарат бермеді деп айыптап отыр.

«АҚШ жауапкершіліктен жалтаруды, кінәні сыртқа аударуды тоқтатуы тиіс. Америка өз ішкі проблемаларына сырттан сылтау іздемей, денсаулық сақтау саясатын қайта қарауы қажет», — делінген Қытай үкіметінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Конгресі екі жылдық зерттеу нәтижесінде COVID-19 вирусының зертханадан таралуы мүмкін деген қорытындыға келген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады
  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер