Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

image.png

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды. Танымал кәсіпкер, Мәжілістің экс-депутаты Динара Шүкіжанова  Берденовтың жағдайын сұрап, аурухана барғанын әлеуметтік желі парақшасында жазды деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.  Оның жанында тағы Олжас Құспеков пен Айдарбек Қоджаназаров та болған. 

"Досымыздың халін біліп, тез сауығып кетуіне тілектес болуға келдік. Русланның жағдайы жақсарып келеді, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Ол мықты, бәрін жеңіп шығады, ал біз жанындамыз", – деп жазды Динара Шүкіжанова. 

Еске сала  кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 21 сәуір күні  шабуыл жасалған  болатын.  Оқ тиіп, жарақат алған шенеунікке дереу ота жасалды.  Қазіргі кезде осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер