Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді

image.png

Балалар екпесіне қатысты қазіргі таңда қоғамда түрлі теріс пікірлер айтылып жүр. Мәселен екпе балалар арасында аутизм дертін өсіре ме деген журналистердің сұрағына   Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді  деп хабарлайды  rgmedia.kz  тілшісі.

"Бұл – миф. Себебі барлық мемлекеттер екпенің көмегімен балаларды инфекциядан қорғап келеді. Сондықтан мұны екпемен байланыстыруға болмайды", – дейді министр өз сөзінде.

Ведомство басшсының айтуынша, аутизм диагнозының жиі қойылуы – медицинаның дамып, ерте анықтау мүмкіндігінің артқанымен байланысты.

"Аутистикалық ауытқуы бар балалардың саны артып жатқандай көрінеді. Бірақ бұл шын мәнінде ерте диагностиканың нәтижесі. Ауытқуды ерте анықтау өте маңызды. Себебі алдын ала ем жасап, бала мектеп жасына жеткенше қоғамға бейімделуіне көмектесуіміз керек", – деді Ақмарал Әлназарова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер