Әбдірахымовты қол шапалақтап қарсы алған мәсхатшы сенатор болмақшы

25_03_1-3.mp4_snapshot_00.53_2016.03.25_19.04.37.jpg

Сенатқа енді үшінші мегаполистен 2 депутат сайланады. Елбасы Жарлығымен Шымкентте 5 қазанда өтетін сайлауға қалалық мәслихат екі кандидаттың біріне өздерінің мәсхатшы Нұрлан Бекназаровты ұсынды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қолдады. 

Естеріңізде болса, екінші рет Шымкентке әкім болып қайта оралған Әбдірахымовты қалалық мәслихат қол шапалақтап қарсы алған болатын. Бұл тамаша сценарийдің авторы мәсхатшы Нұрлан Бекназаров болуы бек мүмкін. Егер сол қол шапалақтың шапағаты тисе, оның ұйымдастырушысы бұған дейін ұстауы мүмкін жолдаманы қолынан жұлып әкеткен Әлімжан Құртаевпен бірге Парламент партасына жайғасады. 

Айта кетейік, Н.Бекназаров қалалық мәслихаттың екінші шақырылымынан бері бес рет сайланған депутат. Бүгінде ол қатарынан үшінші рет мәсхатшылықты атқарып келеді.

Жәнібек ТАРХАН,

"Рейтинг" газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер