Тоқаев Түркістанға әскер кіргізді

тураскер.jpg

Бүгіннен бастап Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. Бұл туралы Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Селтанов фейсбуктегі жеке парақшасында жазды деп хабарлады RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

«Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Бүгіннен бастап Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. Қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да қатысады. Орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, төтенше жағдай тәртібін бұзбауға шақырамыз. Мұндай қатаң режимдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады» деп жазды Селтанов.

аскерШ.jpg

– Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкімімен, Түркістан облысы әкімінің шешімімен Шымкент гарнизоны әскери құрылымдарынан 200-ге тарта әскери қызметші жұмылдырылды. Бірінші мәселе – бақылау бекеттеріндегі тәртіпті күшейту, екінші мәселе – залалсыздандыру, дизенфекциялау жұмыстарында мамандарға көмек көрсету, – дейді Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдеров. 

турас.jpg

  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
  • Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды
  • Бейресми еңбек азаюда: он күнде 66 мың адам тіркелді
  • Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі Құранға қол қойып, ант берді
  • Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер