Назарбаев қазіргі деңгейге қалай жеткенін жасырмады

abe21507a655338dfee5847447ae392f-small.jpg

Елбасы Солтүстік Қазақстан облысы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

"Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар, – деді Қазақстан президенті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Иран Ормуз бұғазы арқылы Пәкістан туы ілінген 20 кеменің өтуіне рұқсат берді
  • Ормуздың жабылуынан Азия елдері отын үнемдеуге көшті
  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер