Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін

image_750x_5b20f714bee48.jpg

Елімізде кәсіпкерлік қызмет туралы заң қабылданғаннан кейін, мыңнан аса шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сүлейменовтің сөзінше, бүгінгі таңда респуликада түрлі деңгейді 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Заң қабылдау аясында талдау жасалып,  олардың санын қысқарту үшін ведомство бойынша нақты жоспар құрылған.

«Біз талдау жасадық. Неше шенеуніктің қысқартылатыны туралы жоспарымыз бар. Шамамен 1 131 шенеунік қысқартылады. Әзірге жұмыс істеп жүрген адамдарды немесе бос орындар санын қысқартатынымыз белгісіз», – дейді Сүлейменов.

Шенеуніктер санын қысқарты туралы нақты шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайтын болады.

«Қабылданған шаралар президенттің Қазақстанда ықшам әрі тиімді үкімет құру туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», – дейді Сүлейменов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • 2029-2030 жылдары Ұлттық қорды 100 млрд долларға толтыру керек – Жұманғарин
  • Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына кімдер қарсы?
  • Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер