Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді

 image.png

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) деректеріне сәйкес, әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштері — Қытай мен Үндістан, деп хабарлайды  Visual Capitalist.

2026 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,1% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ал бұл өсімге негізгі үлесті кімдер қосады? Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, басты драйверлер — Қытай мен Үндістан көрінеді.

Қытай – бірінші, Үндістан – екінші орында

2026 жылы әлемдік нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 26,6%-ы Қытайдың үлесіне тиесілі болады. Ел экономикасы 4,2%-ға өседі деп күтіледі. Өсу қарқыны алдыңғы жылдармен салыстырғанда баяулағанымен, Қытай экономикасының ауқымы оның жаһандық өсімдегі басым рөлін сақтап отыр.

Үндістан 6,2% өсім қарқынымен екінші орында тұр. Оның әлемдік экономикалық өсімге қосатын үлесі — 17%. Осылайша, Қытай мен Үндістан бірігіп, 2026 жылы жаһандық экономикалық өсімнің 43%-дан астамын қамтамасыз етеді. Бұл әлемдік экономикалық орталықтың Азияға қарай ығысқанын көрсетеді.

АҚШ пен Еуропа: өсім бар, бірақ баяу

Дамыған елдер арасында ең үлкен үлес АҚШ-қа тиесілі. 2026 жылы америкалық экономика 2,1%-ға өсіп, әлемдік өсімнің 9,9%-ын қамтамасыз етеді.

Еуропаның жиынтық үлесі шамамен 9,5%-ды құрайды. Германия, Франция, Италия және Испания секілді елдер үлес қосқанымен, халықтың қартаюы және қатаң қаржылық жағдайлар өңірдегі экономикалық белсенділікті тежеп отыр.

Дамушы нарықтар күшейіп келеді

Алғашқы ондыққа Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Вьетнам, Бразилия және Нигерия енген. Бұл елдерде өсім қарқыны 3,7%-дан 5,6%-ға дейін болады деп күтіліп отыр. Бұл дамушы экономикалардың жаһандық өсімдегі рөлі артып келе жатқанын білдіреді.

Қазақстанның орны қандай?

2026 жылы Қазақстан экономикасы 4,8%-ға өседі деп болжанған. Елдің әлемдік экономикалық өсімдегі үлесі — 0,7%. Бұл көрсеткіш ірі экономикалармен салыстырғанда шағын болғанымен, өңірлік деңгейде маңызды динамика саналады.

2026 жылы әлемдік нақты ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-30 ел (рейтинг):

Қытай — 26,6%

Үндістан — 17,0%

АҚШ — 9,9%

Индонезия — 3,8%

Түркия — 2,2%

Сауд Арабиясы — 1,7%

Мысыр — 1,7%

Вьетнам — 1,6%

Бразилия — 1,5%

Нигерия — 1,5%

Бангладеш — 1,3%

Филиппины — 1,3%

Ресей — 1,1%

Польша — 1,0%

Германия — 0,9%

Ұлыбритания — 0,9%

Пәкістан — 0,9%

Малайзия — 0,9%

Аргентина — 0,9%

Испания — 0,9%

Оңтүстік Корея — 0,9%

Мексика — 0,8%

Қазақстан — 0,7%

БАӘ — 0,7%

Жапония — 0,6%

Франция — 0,6%

Канада — 0,6%

Тайвань — 0,6%

Аустралия — 0,6%

Италия — 0,5%

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер