Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды

image.png

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарды қолдау шаралары туралы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтардың жақындарымен тұрақты байланыста болып, мемлекет қолдауын сезінуі аса маңызды.

Осыған орай еліміздің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері іске қосылды. Бұл пакеттер көрсетілген елдер аумағында болған уақытта интернет пен қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.

- Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайттарынан немесе мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.

Министрлік байланыс операторларына қолдау шараларын жедел іске қосқаны үшін алғыс білдірді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ведомство азаматтарды Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын ұстануға, өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырды.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және серіктестермен бірлесіп, шетелдегі отандастарға тұрақты байланыс пен қажетті қолдау көрсету бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Иранға жасалған шабуыл Таяу Шығыстағы әуе қатынасын тоқтатты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер