Күнбағыстан үйреніп күн көруге болады

safe_image.jpg

Күнкөріс шіркін қойсын ба, күнбағысты  күн қайдан шықса басы солай қарай ауып кете беретіні үшін кінәлау қисынсыз, өйткені оның өмір сүруге бейімділігі әуелден сөйтіп жаратылған ғой.  Осы аптадағы тағайындауларда Түркістан облыстық  әкімдігінде қызмет етіп жүрген біраз кадр Шымкент қалалық әкімдігінен ат ауыстырып алды. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Гүлнұр Асылбекова тағайындалды. Ол бұған дейін Түймебаевтың аппаратында басшының орынбасары болып істеген. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып, бұған дейін облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып істеген  Берік Дүйсенов тағайындалды. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына бекітілген Асқар Қаныбеков уақтысында Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып істеген.   Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының басшысының орынтағы Мұратәлі Қалмұратовқа бұйырды. Ол осы қызметті бұған дейін облыста атқарған. Енді бірер күнде облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы болған Әлібек Нұртаев та дәл осы қызметті Шымкент қаласында атқаратын болады. Ә.Нұртаев іріктеуден «бес» деген бағамен өтіп, тек бұйрығын күтіп жатқан көрінеді. 

Бұрын Шымкент қалалық әкімдігінде қызмет еткендер облысқа ауысса, «өсіп кетті» деуші еді. Соңғы апталарда керісінше, Түркістанға көшкісі келмеген кадрлар облыстан Шымкент қалалық әкімдігіне ауысып жатыр. Мұны енді өсіп кетті дейміз бе, әлде өшіп кетті дейміз бе? 

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Шалқар Мырзатаев тағайындалы. Ол  Шымкент қаласы әкімінің Астанадағы өкілі болып қызмет атқарады. 

Жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасын  Жәнібек Ағыбаев басқаратын болды. Ол бұған дейін  Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып Нұрлан Аманқұлов тағайындалды. Бұған дейін Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары болып істеген. Оның да Әбдірахымовтың жерлесі екендігін жоғарыда айттық. Жерлесі түгілі туған бауыры болса да мейлі дейміз. Тек әйтеуір, Шымкенттің коммуналдық саласын жөнге қоя алса жарар еді. Аманқұлов әкімдікке  1-2 жылдың көлемінде келген. Соңғы 15 жылдың көлемінде кеден саласында еңбек еткен. Коммуналдық салада не білімі, не тәжірибесі жоқ. 

Жәнібек ТАРХАН, 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер