Науқастарға күрделі ота жасалды

24.jpg

«Қазақстан 2050» Стратегиясында елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасау тапсырылған болатын. Осынау күрделі де қиын міндетті жүзеге асыруда Түркістан облысында біршама жетістіктер бар. Мәселен жуырда  Түркістан облыстық Фтизиопульмонология орталығында туберкулез спондилиті  диагнозы қойылған науқастарға күрделі ота жасалды. Орталықта Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығының  дәрігері Серік Тұтқышбаевтың қатысуымен өкпеден тыс сүйек буын туберкулезіне ота жасалып, мастер класс өткізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші ота Облыстық Фтизиопульмонология орталығында 46 жастағы  азаматшаға жасалынған. Оның науқастанып жүргеніне 7 ай болған және аяқтары істен шыққан. Екінші ота  38 жастағы азаматқа жасалды. Науқастарға Тһ8-9 және  Тһ11-12  туберкулезді  спондилиті белсенді сатысы диагнозы қойылған. Олар күрделі ота жасау алдында 20 күн ем қабылдаған. Айта кетейік, науқастар бір тәулік ішінде жансақтау  бөлімшесінен хирургия бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгінде емделушілерде ауру сезімі басылып, аяқтарында қимыл пайда болған.

«Сүйек-буын туберкулезімен ауыратындардың 70 пайызға жуығы хирургиялық көмекке жүгінеді, яғни оларға операция жасалады. Туберкулездің дәріге сезімтал, дәріге төзімді түрлері бар. Қазір 60-63 пайызға дейін туберкулездің төзімді түрін анықтап жатырмыз. Соған тиісті дәріні тағайындаймыз. Себебі бұл кезде емнің тиімділігі артады. Сондықтан туберкулезді ерте анықтауды мақсат етеміз»,- дейді Түркістан облыстық фтизипульмонология орталығының бөлім меңгерушісі Қуаныш Амиров.

Түркістан облысында жылына шамамен 10-15 туберкулезді  спондилиті  диагнозы бар науқастар  Ұлттық фтизиопулмонология ғылыми орталығына жолдама алады. Бұл ауру тек ота арқылы емделеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер