21 жыл бұрынғы түлектер ауруханаға медициналық аппараттар тарту етті

42.jpg

Еліміздегі коронавирус індетімен халқымыз жұмыла күресіп, әр өңірдің қайырымды жандары қолдан келген көмектерін аямауда. Түркістан облысында жа жергілікті кәсіпкерлер игі шарадан қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгін Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектері «Шұғыла» қайырымдылық қоры арқылы аудандық орталық ауруханаға 13 оттегі концентратын сыйға тарту етті. Арнайы поштамен келген 13 жасанды тыныс алу аппаратын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қабылдап алып, орталық аурухананың бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етті.

Туған жері мен елі үшін сауапты іс жасаған аудан түлектеріне аудан басшылығы мен дәрігерлер қауымы алғыс білдірді.

Әдеттегі оттегі балонынан әлдеқайда тиімді және өнімді аппараттарға қол жеткізген орталық аурухана ұжымы, әсіресе науқастар өз қуаныштарын жасырмай, ізгі іс істеген барша азаматтарға алғыстарын білдірді.

Мамандар енді бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолданады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Түркістан: Әр инвестициялық жоба уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс.
  • Түркістан: Ауыл шаруашылығына 56,4 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан инвестициялық белсенділігі жоғары өңір
  • Француздар Арыста сервистік депо салуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер