Төлеби ауданында ауруханаларға 16 оттегі концентраторы тарту етілді

38.jpg

Түркістан облысында карантин кезінде еліміздің алып компанияларымен қатар жергілікіті кәсіпкерлер де ауруханаларға материалдық көмектерін беруді бастап кетті. Нәтижесінде Төлеби ауданындағы емдеу мекемелері жаға медициналық құрылғылармен толықты.

Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 дана оттегі концентраторын табыс етті. Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Ленгір қалалық аураханасына 2 дана, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді.

Осындай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. Және де "Шұғыла" қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторлары жеткiзiлдi.

Мамандар бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолдануда. Індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын жандарға аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер