Бозайдың шәкірттері қашықтан білім алуға дайын

Screenshot_7.png

2020-2021 жылғы оқу жылында оқушыларды үш түрлі режимде оқыту жүйесі ұсынылып отыр. Ол туралы Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіне қарасты Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры мәлім етті.

«Қазір карантинге байланысты жаңа оқу жылына үш түрлі режим ұсынылған. Олар – штаттық, ішінара, яғни 1, 2, 4, 11 сыныптарды мектепте оқыту және қашықтықтан оқыту жүйелері. Көріп отырғандарыңыздай, ауылдық округте интернет желісі жақсы деңгейде, барлық үй тегіс ғаламтормен қамтылған. Егер қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілсе, барлығы дайын», - дейді мектеп директоры Жұмабек Сопбеков.

Сондай-ақ, 450 оқушысы бар мектеп директорының айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын қашықтықтан оқу үшін өткен оқу жылында мектептегі 20 компьютер уақытша берілген. Егер қажет болса, жаңа оқу жылында да беруге дайын екен. Оған қоса аталған санаттағы оқушыларға тұрақты түрде ыстық тамақ беріліп келген.

Жалпы шілде айындағы есеп бойынша Келес ауданында – 32 634 оқушы бар. Жеке компьютер мен ноутбуктер 2 776 (өздерінің) оқушыда қамтамасыз етілген. Жалпы мектептегі компьютерлер /соңғы 5 жылда алынған/ саны – 1 238 құрап, оның 180-і қашықтан оқыту кезінде оқушыларға таратылып беріліп, қайта жинап алынған. 1 238 компьютерді оқушыларға таратып бергенде, 4 014 оқушы компьютер және ноутбукпен қамтамасыз етілуі көзделуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда өсіретін балықтың 70 пайызы Түркістан облысына тиесілі
  • Түркістан облысына 8 айда тартылған инвестиция 260 млрд теңгені құрады
  • Түркістан облысының кәсіпорындары 8 айда 344 млрд. теңгенің өнімін өндірді
  • Елбасы тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» қор 32 үйді пайдалануға береді
  • Кентауда жалғыз басты ана мал бордақылаумен айналысады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер