«Әзірет Сұлтанның» күмбезі қайта жаңғыртылды

Screenshot_10.png

Түркістандағы «Әзірет сұлтан» кенесінің күмбезін жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

 Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.

Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жіті қадағалауымен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе жүргізілуде.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстары, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ал Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы 5000-нан аса біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда жасалған ежелгі алтын бұйымдар табылған.

Бұдан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ.

Сондай-ақ, Б.Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынуда.

Атап өтейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде. Кесенедегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова да келіп танысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда өсіретін балықтың 70 пайызы Түркістан облысына тиесілі
  • Түркістан облысына 8 айда тартылған инвестиция 260 млрд теңгені құрады
  • Түркістан облысының кәсіпорындары 8 айда 344 млрд. теңгенің өнімін өндірді
  • Елбасы тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» қор 32 үйді пайдалануға береді
  • Кентауда жалғыз басты ана мал бордақылаумен айналысады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер