Созақта шағын бизнеске бет бұрғандар көп

image.png

Созақ ауданында кәсіп ашып, шағын бизнеске бет бұрғандар қатары көбейіп келеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК (555600 тенге) көлемінде гранттар беріледі. Биылғы жылға Созақ ауданында 62 азаматқа 200 АЕК мөлшерінде гранттар беру жоспарлануда.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін шағын несиелер беріледі.  Былтырғы жылы 88 азамат 266,8 млн.тг несеиемен қамтылды. Биылғы жылға 55 азаматты несиемен қамту жоспарланып отыр.

Қазір ауданда төрт түліктің барлық түрі бар. Бірнеше отбасылар пай үлестерімен біріктірілген өндірістік кооперативтердің жұмысы жүйелі жолға қойылған.  Бүгінгі таңда аудан көлемінде мүйізді ірі қара 37 мың, қой 270 мың, ешкі 53 мың, жылқы 19 мыңға, түйе 12 мыңға, құс 26 мыңға шамалап тұр. Мұның бәрі жеке шаруалардың иелігінде. Сондай ақ, жерді игеруде де шаруа қожалықтарының жұмыстары нақтыланған. Әр бір қожалық иесі өздеріне тиесілі жерді игеріп, қажетті шем шөптерін, дәнді дақылдарын, бақша өнімдерін дайындап алып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бозайдың шәкірттері қашықтан білім алуға дайын
  • Азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы берілуде
  • 42500 теңгені 540 мыңнан астам азамат алды
  • Құрбандықты онлайн шаласыз
  • «Әзірет Сұлтанның» күмбезі қайта жаңғыртылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер