Түркістандағы шығыс моншасы туристерді қызықтыруда

image.png

Қазіргі таңда Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын көпфункционалды «Қабылдау» /Визит/ орталығы, «Конгресс-орталығы» кешені, амфитеатр, облыстық қазақ драма театры, «Ясауи» мұражайы, «Ұлы Дала елі» («Қазақ хандары мен билері», «Түркі әлемі» орталықтары), Түркістан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының, «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың және т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ал, Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.

Өткен жылы іргетасы қаланған нысан - Қызылорда облысының Түркістанға тартуы саналады. 

Кіреберіс бөлмеде қабылдау орталығы орналасқан. Мұнда ер мен әйелдерге арнаулы бөлмелер (ішкі құрылымы бірдей) қарастырылған. Сол бөлмелердің ішіне аяқ басатын болсаңыз киініп-шешінуге арналған, түп нұсқадағы дәліз қызметін атқарып тұрған орын кездеседі. Киім мен керекті заттарды сақтауға арналған 45 сөре және отыруға 13 орындық қойылған. Ары қарай ішке енсеңіз орталық жуыну бөлмесі жолығады. Орталықта көлемі үлкен дөңгелек жуыну орны, төбесінде күмбез, қоршай 8 қырлы су алу орны жасалған. Ендігі кездесетін бөлмелер атқаратын қызметіне қарай массаж, хамам, бассейн, душ, себезгі, сауна, демалыс, шайханалар (шығыс үлгісіндегі тамақтар шығарылады) деп кете береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер