Кентауда қатты қалдықтар қайта өндіріледі

           image.png

Мемлекет басшысы жолдауында кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажеттігін баса айтқан болатын.

Бұлар, бірінші кезекте,  технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс екендігіне де баса назар аударған.

Кентау қаласында жобалық қуаты жылына 1500 тонна болатын, жалпы құны 150 млн. теңгені құрайтын 20 жаңа жұмыс орнымен «Статус Эверест» ЖШС пластикті қайта өңдеу «ПЭТ, ПП, ПЕ» жобасын іске қосты.

2014 жылы Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құрылысы басталған өндірістік кәсіпорынның сметалық жобасы 100 млн. теңгені құраған. Аталған зауыт пластикалық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату үшін екінші реттік шикізаттық өнім дайындайды. Дайын шикізатты Қазақстан мен Ресей Федерациясының Челябі, Екатеринбор, Мәскеу, Самара қалаларына экспорттау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісті қуаттылығын арттырып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кету керек, Кентау қаласы облыстағы өндірісі өркендеген қала қатарына жатады. Мұнда трансформатор зауытынан өзге көптеген кәсіпорындар ашылып жатыр. Осы жолы ашылған қайта өңдеу зауыты ел экономикасының еселенуіне үлес қосатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер