Созақта тың серпіліс бар

 image.png

Созақ ауданында үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы тізіміне жалпы құны 19 млрд. 534,6 млн.теңге болатын 6 жоба енгізілген. Оның ішінде жалпы құны 951, 6 млн. Теңге, 4 жоба жүзеге асырылған. Жобалардың барлығы дерлік ауданның индустриалды аймағында орналасқан.

Мысалы, Созақ ауданында «Тағай ата» ЖШС жобалық қуаты жылына 1000 тонна болатын, жалпы құны 83 млн. теңгені құрайтын 30 жаңа жұмыс орнымен йодталған тұз өндірісінің І кезеңін – жемдік тұз өңдеу цехын іске қосты. Сонымен қатар, «Тағай ата» ЖШС-нің үстіміздегі жылы ас тұзын өңдейтін қондырғыларын орнату үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-на несиеге құжаттары өткізілген. Серіктестік 2020 жылы ас тұзын өңдейтін қондырғыларды орнатып, ІІ кезеңді іске асыруды жоспарлауда.

Ал «Теріскей» ЖШС-нің «асыл металл өндіру» жобасын 2020 жылы іске асыру жоспарланған. Жобаның құны - 18 млрд. 500 млн.теңге. Зауыт іске қосылса 400 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі кезде барлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына «Созақ фосфат» ЖШС-інің жалпы құны  200 млн. АҚШ долларын құрайтын «минералды тыңайтқыштар өндіру» жобасын енгізу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, Созақ ауданында қазығы қағылған күн электр станциясының жобасы бар. «ЮКСЭС-50» ЖШС-інің күн - электро станциясын салу жобасының құны 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Жоба толық іске қосылған соң 30 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe
  • Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
  • Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда
  • «Бизнес бастау» курсымен бизнес бастаған
  • Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер