Жетісайда ірі қара мал өсірушілер көбеюде

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ауыл шаруа¬шылығын дамытуға баса мән берілген болатын. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өңірлерді көптеген жобалар жүзеге асып жатыр. Атап айтар болсақ, агроөнеркәсіп кешенін жандандыру, тауарлы сүт фермаларын жасау, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу жайы Түркістан облысында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

c956b2b5-ad77-4ef0-a000-02dd86123ee0.jpg

Мәселен, аграрлы өңір саналып келген Жетісай ауданында мал басы саны жыл санап артып келеді. Қазіргі кезде ауданда ірі қара мал басы 60 мыңға жуықтады. Бір жыл ішінде сиыр 1098-ге, қой-ешкі 7296-ға, жылқы басы 665-ке ұлғайған. Сондай-ақ, ауданда 689 түйе өсірілуде. Ал, шошқа саны 482-ден 492-ге артса, жалпы құстар былтырғы жылмен салыстырғанда 75482-ге жетіп, 2771 басқа өскен.

Мал шаруашылығын дамытуға жайылым жерлер тапшылық тудыратындықтан, жетісайлық шаруалар төрт түліктерін көршілес Шардара ауданы аумағынан жалға алған жайылымдарда ұстауда. 

Шаруаларға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Әсіресе, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытамын дегендер кәсіпкерлерге қаржылай көмек те көрсетіліп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық жүргізілуде
  • Түлкібас ауданында бірнеше спорт нысаны жөнделді
  • Сарыағаш ауданында жаңа жатақхана пайдалануға берілді
  • Түркістан облысының шаруалары қауын-қарбызбен көш бастады
  • Жетісай ауданында мақта терім басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер