Коронавирусқа қарсы күрес үзіліссіз жүргізілуде

Screenshot_1.png

Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында коронавирусқа қарсы күрес шаралары үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен аптада ауданның жоспарлы кестесіне сәйкес Ленгір қаласындағы Ленгір-Достық жолы, Қапал батыр, Әйтеке би, Қазыбек би, Д. Қонаев, көшелері дезинфекцияланды. Сонымен қатар аудан аумағындағы ауылдық округтерде де қауіпті дерттің алдын алу шаралары жүргізілуде.

Залалсыздандыру жұмыстарына арнайы жасақталған еріктілер топтары, төтенше жағдай бөлімі мамандары мен өрт сөндіру машиналары жұмылдырылған.

Ауданда COVID-19 індеті тіркелмеген. Тұрғындардан барлық шектеулер мен ескертпелерді қатаң сақтау сұралады. 

 Бүгінгі күнде бетперде тағып жүру қатаң режимде сақталуда. Адам көп жиналатын жерлерге бармау ескертілуде.

Үйден себепсіз шығуды, көшеде топталып 3 адамнан артық жиналып, мақсатсыз жүруге болмайды.  Барлық мезгілде кәмелетке толмаған балалардың бейберекет жүруін тоқтату қажет.

Аудан аумағына сырттан кіруге және шығуға тыйым салынады;

Азық-түлік базарларының жұмысы сағат 10:00-ден сағат 17:00ге дейін,

асханалар мен кафелерде тапсырыс сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін өзімен алып кету режимінде жұмыс істейтін болады.

Кез келген отбасылық мерекелер мен ас беру сынды жиындар тоқтатылды. Аудан аралық байланыстың барлық қоғамдық көліктер мен жеке тасымалдау қызметтеріне шектеулер қойылды.

Төлеби ауданына шет мемлекеттен және өзге де қалалардан іс-сапармен немесе қыдырып келген қонақтар болған жағдайда міндетті түрде жергілікті әкімшілікке хабар беру қажет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер