Кәсіпкерлер 2 миллион 160 мың теңгенің азық-түлігін таратты

92398043_526086194991812_2052897142313320448_n.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирустан 56 жастағы азамат қайтыс болды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, бұл індетті жұқтырған 11 адам анықталып отыр. Қазір ауданда карантин жарияланып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті халық арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бүгін Жетісай ауданындағы "Алаулы" ЖШС-нің басшысы Болат Тілеужанов пен кәсіпкер Бақтияр Қозыбаев қайырымдылық акциясы аясында аудандағы тұрмысы төмен және көпбалалы 100 отбасының әрқайсысына 20 мың теңгеден тегін азық-түлік таратты. Қайырымдылыққа жұмсалған қаржының жалпы сомасы 2 млн 160 мың теңгені құрайды.

"Бүгінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Осындай қиын шақта облысымыздың қалталы азаматтары халыққа көмек қолын созуда. Арнайы қорға қыруар қаржы аударып жатқан кәсіпкерлеріміз де аз емес. Біз де осындай игі істен шет қалмай 100 отбасыға аз да болса көмек беруді жөн көрдік. Ең бастысы-індеттің алдын алып, еліміз ауру-сырқаудан аман-есен шықса екен",-дейді Болат Тілеужанов.

Қос кәсіпкер мұнан бөлек 50 отбасыға 50 келілік ұннан да таратып берді.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 178 мың халық тұрады. Өкінішке орай, соңғы күндері бұл ауданда коронавирус жұқтырғандар саны да артып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер