Төтенше жағдай кезінде тауар бағасы бақылауға алынды

5e8eb4b3617f1.jpg

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленіп, бақылауға алынған. Мәселен, бірініші сотты бидай ұны - 169 теңге, бірініші сортты ұннан жасалған бидай наны - 155 теңге, күріш 216 теңге, сиыр еті - 1910 теңге, тауық жұмыртқасы - 28 теңге, күнбағыс майы - 434 теңге, ас тұзы - 49 теңге, қарақұмық жармасы - 327 теңге болып белгіленген. Базар нарқындағы тауардың құны осы белгіленген бағадан асып кетпеуін қадағалау үшін мамандар сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына сілтеме жасаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Мамандар тұрғындарды азық-түлік құнының қымбаттауын болдырмау шараларына атсалысуға шақырады. Аталған тауарлардың белгіленген шектік бағадан қымбатқа саудаланып жатқанын кездестірген азамат тиісті орынға хабарласуына болады. Ол үшін бар болғаны www.dosmart.kz сайтына немесе https://t.me/consumerprotectionKZ телеграмм арнасына кіріп, қажетті ақпарат (дүкен атауы, тауар және сату бағасы, аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз) беру керек. Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке тікелей хабарласып та мән-жайды жеткізуге болады.

Айта кетейік, азық-түлік бағасының көтерілмеуіне байланысты мұндай жұмыстар ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауылшаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі бірлесе шығарған бұйрық негізінде атқарылуда. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу» туралы бұйрықта Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары енгізілсін делінген. Сондай-ақ, бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелетіні көрсетілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер