Ұстаздар үлгі боларлық іс жасады

Screenshot_6.png

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан “С.Сейфуллин” атындағы N52 жалпы орта мектебінің ұстаздары көпке үлгі боларлық іс жасады. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жас та болса 120 ұстазға басшылық жасап отырған мектеп директоры Ғазиза Шүкірбаеваның бастамасымен мұғалімдер қауымы ауылдағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік үлестірді.

“Ел басына күн туғанда біз де азаматтығымызды білдіріп, мемлекет басшысының үндеуіне қолдау көрсеткіміз келеді. Карантиндік режимде көмекке мұқтаж отбасыларға ұстаздарымыздың демеушілігімен азық-түлік себеттері мен мектептің технология пәні мұғалімдері қолдан тіккен бетперделерді үлестіріп бердік” дейді Шүкірбаева Ғазиза Әлібекқызы.

Мектеп басшысының айтуынша білім ұясындағы көпбалалы отбасылардың балалары қажеттілігіне қарай толығымен ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, ауылдың қалталы азаматтары мен ата-аналардың, ұстаздар қауымының демеушілігімен қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып, жиналған қаражатқа мұқтаж оқушыларды оқуға қажетті құрал-жабдықтары, киім-кешектері таратылып отырады екен.

Өздерінің ауызбіршіліктерінің арқасында өзгелерге өнеге көрсетіп отырған “С.Сейфуллин” атындағы N52 жалпы орта мектебінің ұстаздары мұндай қайырымдылық шараларын өткізуді алдағы уақыттарда да күн тәртібінен түсірмек емес.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Созақта шағын бизнеске бет бұрғандар көп
  • Созақ тұзы Қазақстан аумағына экспортталуда
  • Ортағасырлық қалашықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
  • Грант алып, кәсіп бастады
  • Жаңа мешіт 5 мыңнан астам жамағатты қабылдай алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер