Түркістан облысының кәсіпкерлеріне жанармай 160 теңгеден босатылады

далаж.jpeg

Ауыл шарушылығы кәсіпкерлерін қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанармай нарық бағасынан жиырма бес теңгеге төмендетіліп босатылады. Бұл туралы көктемгі дала жұмыстарының барысын баяндаған Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

– Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге отыз жеті мың тонна жанармай бөлінді. Ақпан, наурыз айына қаралған жиырма мың тонна жанармайдың құны толығымен төленіп, төрт мың екі жүз тоннасы тауар өндірушілерге босатылды. Жанармайды босату бағасы сәуір айынан бастап литріне шаққанда жүз алпыс теңгені құрайтын болады. Бұл нарықтық бағадан жиырма бес теңгеге арзан, – дейді басқарма басшысы.

Өңірдің теникалық дайындығын атап айтар болсақ, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар он жеті мың доңғалақты трактордың он алты мың алты жүзі, екі мың тоғыз жүз соқаның екі мың сегіз жүзі, төрт жүз отыз қопсытқыштың төрт жүз жиырмасы, мың сегіз жүз дән сепкіш іске жарап тұр. Облыс бойынша тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

Түркістан облысында жер айдау жұмыстары 424 мың гектарға межеленіп, толығымен орындалды. Жоспарланған 113 мың гектардың 105 мыңында сор шаю жұмыстары жүргізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe
  • Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
  • Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда
  • «Бизнес бастау» курсымен бизнес бастаған
  • Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер