Келестің кәсіпкері балдың 10 түрін өндіреді

89543262_3018841724832587_5933724368575135744_n.jpg

Келес ауданының тұрғыны Мәлік Айтымбетов атаулы әлеуметтік көмек алып, балдың 10 түрін өндіруде. Ол осылай Абай ауылында бал арасын өсіру кәсібін жолға қойып, табысын еселеуге қол жеткізді. 

45 жастағы Мәлік бүгінде 70 жәшік бал арасын ұстайды. Оның бұл іспен айналысқанына 7 жыл болыпты. Алайда, ол атаулы әлеуметтік көмек алмай тұрып, ісін өрге домалата алмаған. Яғни, омарташылыққа қажетті құрал-саймандарды түгелдеуге шамасы жетпепті. «Былтыр отбасымызға береке кірді» дейді омарташы шаттанып. Үкіметтен 9 перзентіне 1 млн 498 мың теңге қаржы көмек берілген. Осы бала-шағаның несібесіне ол бал өндіретін диірмен, омарта жәшіктерін, оларды көшіруге ыңғайлы тіркеме сатып алыпты.

– Біз ауылдағы үлкен отбасы саналамыз. Жанұямызда 11 жанбыз. Алланың берген 9 ұл-қызы бар. Солардың несібесіне былтыр үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Құжатты дер кезінде дайындап, жергілікті әкімдікке өткіздік. Көп ұзамай қомақты қаржыға қол жеткізіп, өзімнің шаруашылығыма қажетті бар керек-жарақты сатып алдым. Бүгінде соның арқасында балдың 10 түрін өндіріп жатырмын, – дейді Мәлік Айтымбетов.

Әйелі Нағима Айтымбетова алтын алқа иегері. Жуырда ғана ол бала күтімінен босап, бір мекемеге тазалаушы боп орналасыпты. Айлық жалақысы – 40 мың теңгені құрайды. Омарташылықты кәсіп еткен отбасының үлкені Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнында оқиды. Олардың ендігі армандары – омарташылықты кеңейтіп, бал арасы орналасқан тіркемелерді таситын жүк көлігін сатып алу.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe
  • Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
  • Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда
  • «Бизнес бастау» курсымен бизнес бастаған
  • Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер